Жетісу өңірін газбен қамтамасыз ету халықтың жайлы өмір сүруіне әсер етеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

2184

Газ облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді.

Жетісу өңірін газбен қамтамасыз ету халықтың жайлы өмір сүруіне әсер етеді – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: akorda.kz

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуінде өңірді газбен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп жазды Inbusiness.kz.

"Келесі маңызды бағыт – өңірді газбен қамтамасыз ету. Бұл шара халықтың жайлы өмір сүруіне, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді", – деді ол.

Президент 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласының маңына дейін барлық елді мекенді газбен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қазір көгілдір отын облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді. "Алматы – Талдықорған" магистральді газ құбыры салынып, облыс орталығына газ толық берілді", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы  "Талдықорған – Үшарал" бағытында газ құбырын тарту қажеттігін де айтты. 

"Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырамын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу