Азияның басты клубтық турнирінің финалдық кезеңі Филиппиннің Пасиг қаласында өтті.
Шешуші матчта Талдықорғанның "Жетісу" командасы Вьетнамның "ВТВ Бинх Диен Лан" клубын 3:1 есебімен (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) жеңді.
"Жетісу" финалға дейінгі барлық ойындарын үш партияда да жеңіспен аяқтады. Қарсыластары Таиландтың "Накхон Ратчасима", Филиппиннің PLDT, Иорданияның "Аль-Наср" және Индонезияның "Кримлайн" клубтары болды.
"Жетісу" енді 22 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Бангкокта өтетін клубтық әлем чемпионатына жолдама, сондай-ақ 20 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде ұтып алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу