banner

Жеткен жері осы болды

1388

Конференция лигасының төртінші айналымына жеткенінің өзі бір ғанибет. Топтық кезеңге өту өте қиын. Себебі "Шахтер" өз алаңында жеңілді.  

Жеткен жері осы болды

Қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Маккаби Тель-Авив" клубымен кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:2 есебімен израильдік клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның алғашқы таймында гол соғылған жоқ. Ал 72-минутта алаңға шыққан Идрис Умаев бір минут өткеннен кейін есеп ашты. Голдық пасты Ескендір Қыбырай өз атына жазды. Бірақ бұл қуанышымыз көрке созылмады. Екі минуттан кейін Ави Рикан таразы басын теңестірді. 77-минутта Эден Шамир ауттан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, командасына жеңіс сыйлады.

Сонымен, жауапты матч 26 тамыз күні Израильдегі "Блумфилд" стадионында өтеді.

"Шахтер" – "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль) – 1:2

ГолдарИдрис Умаев 73 – Ави Рикан 75, Эден Шамир 77

ЕскертулерДан Глазер 47, Ави Рикан 90+2

"Шахтер": Игорь Шацкий (В) (К) – Павел Назаренко (Ескендір Қыбырай 65)​, Андрей Буйволов, Иван Граф, Владимир Хозин​, Абдель Ламанж - Дэвид Мавутор (Михаил Бакаев 72), Стефан Букорац, Вук Митошевич (Эдин Рустемович 83) – Айдос Тәттібаев (Идрис Умаев 72), Евгений Шикавка (Абылайхан Назымханов 65);

РезервИгорь Трофимец (В), Ернар Сайлауов (В) – Давид Атанаскоски, Тайыр Нурсейітов – Геворг Наджарян – Оралхан Өміртаев, Иван Свиридов;

Бас бапкер​Магомед Адиев.

"Маккаби" Тель-Авив: Даниэль Перетц (В) – Энрик Саборит, Идан Нахмиас, Луис Эрнандес, Андре Жералдеш – Шеран Йейни (К) (Эден Шамир 66), Ави Рикан, Дан Глазер – Таль Бен-Хаим II (Матан Озез 66), Осама Халяйла (Эйлон Альмог 87), Эдуардо Герреро (Идо Шахар 87);

Резерв: Андреас Янниотис (В), Ор Йицхак (В) – Гай Мизрахи, Шахар Пивен, Офир Давидзаде, Матан Балтакса – Эден Карзев, Ронен Ханзис;

Бас бапкер​Патрик ван Лиувен.

ТөрешілерСрджан Йованович, Урош Стойкович, Милан Михайлович;

Төртінші төреші: Новак Симович (барлығы Сербия)

19 тамыз, Нұр-Сұлтан, "Астана-Арена".

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу