Жезқазғандық ақ халаттылар: Біздің таңдау - "Nur Otan"

1062

Үгіт-насихат жұмыстарымен  Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасының ұжымы да қамтылды. 

Жезқазғандық ақ халаттылар: Біздің таңдау - "Nur Otan"

Оларға "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғабиден Аханов пен Дархан Мұхан таныстырды.

-Жаңа үдерістерге жауап бере алатын және бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған Елбасы жолы мен "Nur Otan"  партиясы ел сеніміне селкеу түсірмей, биік мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салары ақиқат. Сол мақсатта партиямыз республикалық сайлауалды бағдарламаға қоса, әрбір жергілікті жердің экономикалық, экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып басым бағыттарды айқындады. Бағдарламада  бағындырар белестер мен нақты межелер дәл белгіленген. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасауды міндет еткен Жезқазған қаласын дамытудың бағдарламасы жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық тұрақты қала; жайлы қала; әлеуметтік бағдарланған қала; жастарға арналған қала; тарих пен мәдениетті дамыту; ашық және есеп беретін жергілікті органдар; қауіпсіз қала, – деген кандидат Ғабиден Арынұлы  ел игілігі үшін аянбай еңбек ете беретіндігіне сендірді.

Сөз кезегін алған Дархан Қабылдашұлы  "Nur Otan" партиясының   дағдарысқа қарсы қабылдаған шаралары жайында кеңінен тарқатты. Коронавирус пандемиясы еліміздің экономикасына да теріс әсер еткені белгілі. Осы ретте көшбасшы партия халықты әлеуметтік жағынан қолдауға баса назар аударғаны көпшіліктің есінде.  Елбасы, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Biz birgemiz" акциясы аясында 4300 адам 50 мың теңгеден, 24 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетін алды. Сонымен бірге, мәжбүрлі түрде демалысқа шыққан азаматтар мен қиындық көрген орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау да назардан тыс қалмады. Алдағы уақытта да халықтың мүддесін бәрінен жоғары қоятын "Nur Otan" партиясы 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағларламасында мысты өлке тұрғындарының өзекті деген ауыз су, экология, жол мен апатты үйлер мәселесін шешуге атсалысатынын тілге тиек еткен кандидаттар 10 қаңтарда тұрақтылық пен дамудың кепіліне айналған "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырды.

"Біздің таңдау - "Nur Otan" деген ақ халаттылар аймақ медицинасына қажетті мамандарды көптеп тарту және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері қамтыған бағдарлама көңілден шыққанын жасырмады да "нұротандық" кандидаттарға алдағы саяси додада жеңіс тіледі.

 

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу