Дүйсенбі күні жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орындары мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әйелдер арасында WTA рейтингісінде жекелей сында Елена Рыбакина көш басында қалса, Юлия Путинцева 65-тен 63-ке ауысты.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 7-сатыда тұр.
Маусым аяқталар тұста Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жүр. Соңғы екі аптада словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Сопо (Колумбия) және Колина (Чили) WTA 125 турнирлерінде жеңімпаз атануы Жібектің рейтингідегі көрсеткішін жақсартуына себеп болды.
Бүгін Ж.Құламбаева 86-дан 78-орынға көтеріліп, алғаш рет ТОП-80-ге кірді. Сөйтіп тағы бір мәрте жеке рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді.
Осы аптада Жібек Құламбаева Буэнос-Айрес (Аргентина) WTA 125 жарысында бақ сынайды. Бір қызығы, ол жекелей сында алғашқы айналымда өзінің жұптасы, словениялық В.Эрьявецпен ойнайды.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 25-орнын сақтаса, Александр Шевченко 100-ден 102-ге сырғыды.
Жылдың қорытынды турнирінің финалисі, германиялық Александр Зверев 10 350 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал осы жарыста чемпион атанған испаниялық Карлос Алькарас (7 600 ұпай) екінші сатыдағы италиялық, жарақатына байланысты додалардан тыс қалған Янник Синнерге (7 950) жақындады.