Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғарылады

102

Қазақстандық спортшы 479-дан 450-ге жоғарылады.

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде жоғарылады Фото: ҰОК

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында екінші, сондай-ақ Юлия Путинцева 85-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында Қазақстанның маңдайалды теннисшісі Анна Данилина бұрынғыша 6-сатыда тұр.

Өткен аптада украиналық Валерия Страховамен бірге Хасково (Болгария) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанған Ж.Құламбаева жұптық сында да жағдайын едәуір жақсартты. Жібек 194-тен бірден 173-сатыға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу