Жібек Құламбаева Антальядағы турнирдің жартылай финалына шықты

291

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан WTA 125 турнирінде жартылай финалға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жібек Құламбаева Антальядағы турнирдің жартылай финалына шықты Фото: kaztag.kz

Ол жұптық сында Үндістан спортшысы Рутуджа Бхосалемен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда қазақстандық-үндістандық жұп Испания теннисшілері Ирене Бурильо Эскорихуэла мен Лейре Ромероны 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.

Құламбаева мен Бхосале бұған дейін Польша өкілі Гина Файстель және Кипр атынан сынға түскен Ралука Сербаннан 6:2, 6:2 есебімен басым түскен.

Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалында Париж Олимпиадасының чемпионы, қытайлық Жен Цинвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу