Жібек Құламбаева Германияда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

277

Жібек Құламбаева жұптық сайыстағы бұл табысты өнерінің арқасында WTA рейтингінде жоғарылау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта ол жұптық рейтингте 314-орында тұр.

Жібек Құламбаева Германияда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан турнирде қазақстандық спортшы жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая ширек финалда Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиден басым түсті.

Кездесу 6:3, 1:6, 10:7 есебімен аяқталды. Жартылай финалда Құламбаева мен Семенистая Жапония өкілі Нао Хибино және ресейлік Виталия Дьяченкоға қарсы ойнайды.

Айта кету керек, Семенистая осы турнирдің жекелей сайысында да сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымда Нао Хибинодан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу