Жібек жарыста чехиялық Анна Шишковамен жұп құрып өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық-чехиялық дуэт турнирде екінші нөмірмен тіркелді. Финалда олар чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиса Заарға қарсы ойнады.
Кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут өткізді.
Осылайша, Қазақстан мен Чехия өкілдерінен құралған жұп турнир жеңімпазы атанды. Жаңартылған рейтингте Жібек Құламбаева қосымша ұпай еншілеп, төрт сатыға жоғарылайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу