Жібек Құламбаева Колумбиядағы халықаралық турнирде чемпион атанды

339

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанды.

Жібек Құламбаева Колумбиядағы халықаралық турнирде чемпион атанды Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Ол словениялық Вероника Эрьявецпен бірге финалда тартысты кездесу өткізіп, чемпиондық атақты жеңіп алды, жеп жазады inbusiness.kz сайты.

Шешуші кездесуде қазақстандық-словениялық жұп чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшекке қарсы ойнады.

Матчтың алғашқы сетінде қарсыластары 7:5 есебімен басым түсті. Алайда екінші партияда Құламбаева мен Эрьявец ойын тізгінін өз қолына алып, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Чемпиондық атақтың тағдыры супер тай-брейкте шешілді. Самсон мен Зиданшек екі мәрте матчболға ие болғанымен, мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Ал Жібек пен Вероника төртінші матчболды сәтті аяқтап, 14:12 есебімен жеңісті жұлып алды.

1 сағат 40 минутқа созылған кездесуде Құламбаева мен Эрьявец бір эйс жасап, сегіз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Бұл – 26 жастағы Жібек Құламбаеваның жұптық сындағы WTA 125 турнирлерінде жеңіп алған үшінші титулы. Қазақстандық теннисші биыл осындай деңгейдегі жарыста екінші рет чемпион атанып отыр.

Осы жетістігінің арқасында Құламбаева жұптық сындағы WTA Live рейтингінде 1 010 ұпаймен 86-орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу