Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің чемпионы атанды

328

Теннисшіміз чемпиондық атақпен қатар 100 рейтингтік ұпайға ие болды. 

Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің чемпионы атанды Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұптасып, бүгін Мадрид қаласындағы ITF W100 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жеңіске жетті.

Олар финалда испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны 2:1 есебімен жеңіп, табандылық пен жоғары деңгейдегі үйлесімді ойын өрнегін көрсетті.

Турнир барысында Жібек Құламбаева мен Фосса Уэрго бірде-бір матчта жеңілмей, сенімді түрде финалға дейін жетті.

Жартылай финалда Инес Иббоу мен Бибиана Схоофсты 2:0 есебімен ұтты. Ал ширек финалда Тена Лукас пен Андреа Пришакариуды да 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жеңіс Жібек Құламбаеваның мансабында айрықша маңызға ие және оның жұптық ойыншылар арасындағы әлемдік рейтингтегі орнын нығайта түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу