Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан ITF W15 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетуде. Ол жекелей де, жұптық сында да жартылай финалға шықты.
Жекелей сындағы ширек финалда Жібек жергілікті теннисші Мадхурри Савантты 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Жұптық сында Құламбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Ұлыбритания өкілі Мелисса Бойден мен малайзиялық Эльза Ван жұбын ұтты. 1 сағат 5 минутқа созылған матчта Жібек пен Екатерина бес брейк жасап, небәрі бір гейм ғана жіберді. Қорытынды есеп: 6:1, 6:3.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Құламбаева Нагпурда өткен дәл осындай турнирде екі санатта да жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанған еді.