Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті

912

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50, турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті Фото: ҰОК

Жарыстың екінші ракеткалары Жібек Құламбаева мен үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд өкілдері Тхасапори Накло және Буньяви Тамчайват жұбымен кездесті.

Қазақстандық-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 брейкке қол жеткізді.

Жібек Құламбаева мен Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық дуэт Рия Бхатия – Зил Дисаимен таласады.

Бұл жұп доданың төртінші ракеткалары, жапониялық Хироко Кувата – үндістандық Сахая Ямалапаллиды жолдан тайдырды – 6:4, 6:7 (2:7), 10:5.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу