Жоламан Биғабыл Азиада-2026-ның жеңімпазы атанды

254

Бұл – Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Жоламан Биғабыл Азиада-2026-ның жеңімпазы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу