Жолдастық матчтар жоспарланды

2087

Қазақстан премьер-лигасының клубтары маусымның қайта басталуына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Жолдастық матчтар жоспарланды

ҚПЛ-2020 ойындары басталмас бұрын "Қайрат" жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алматылық клубтың қарсыластары премьер-лига клубтары.

Барлық командалар жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Карантин басталғалы бері ойындар тоқтаған болатын. Енді ойын тәжірибесін қайта қалпына келтіру үшін Алматы қаласында "Қайрат", "Жетісу" және "Шахтер" командалары жолдастық кездесу өткізбек. ҚПЛ-2020 16-наурыз күні тоқтатылған болатын. Ал, 11-мамырдан бастап клубтар толықтай жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Қазіргі таңда ҚКФЛ маусымның қайта жандануына арналған екі нұсқа дайындады. Жоспар бойынша футбол матчтары15-маусым немесе 1-шілде күні басталуы қажет. Қалай болғанда да енді футбол ойындары жанкүйерлерсіз өтетін болды. Ақпарат көздеріне сүйенер болсақ, таяуда маусымға дайындық ретінде "Ертіс" екінші лигада ойнайтын "Ақсумен" кездесіп, оны 8:0 есебімен ойсырата ұтқан.

Ал, "Астана" Нұр-Сұлтан қаласында "Қызыл-Жар СК" командасымен кездесіп, елордалық команда басым түскен. Ойын жабық режимде өткендіктен, кездесудің барысы жайлы нақты ақпарат жоқ.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу