Жүлде жеңген Топ-10 теннисші

1711

2021 жыл аяқталуға жақын. Спортшылардың барлығы жаңа маусым басталғанға дейін демалыста. Ал бізде биылғы маусымды қорытындылайтын уақыт бар. 2021 жылы турнирлерде бірқатар спортшылардан көп табыс тапқан қазақстандық 10 үздік теннисшінің тізімін жасауды жөн көрдік.

Жүлде жеңген Топ-10 теннисші

Барлық ақпарат ресми дереккөздерден – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайттарынан алынды. Әрине, бұл көрсеткіштерге спортшылардың қосымша табысы, оның ішінде жарнамадан түскен табыс кірмейді. Ал ендеше тізімді оныншы қатардан бастайық.

10. Анна Данилина – 70,7 мың доллар

Күні кеше жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында ITF W25 сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанған Анна Данилина бір маусымда 70,7 мың АҚШ доллар сыйақы алған екен. Қазір 26 жастағы Данилина әлемдік рейтингте жекелей сында 344-ші, жұптық сайыста 75-орында тұр. Ол WTA бойынша жұптық сайыста биыл чемпиондық атағын жеңіп алды. Жұптық сында барлығы 39-турнирде жеңіске жетті.

9. Александр Недовесов – 77,3 мың доллар

Соңғы бірнеше жылда 34 жастағы Недовесов жекелей жарыстарда ойнаған жоқ. Керісінше жұптық сында сәтті өнер көрсетуде. Ол 2021 жылғы жүлденің көп бөлігін жұптық ойынның арқасында алды. Қазір ол рейтингте 72-қатарға жайғасқанымен, жекелей сында әлемнің үздік 500 теннисшісінің қатарына да кірмейді. Биылғы жылы ATP турнирлерінде жұптық сайыста тоғыз мәрте жеңіске жетсе, 12 теке тіресте қарсыластарына жол берген.

8. Дмитрий Попко – 115,7 мың доллар

25 жастағы Попко қазір Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сында 2 нөмірлі ойыншы болғанымен, әлемдік рейтингте 180-орында. Дмитрий әзірге ATP-дің ірі турнирлерінде айтарлықтай табысқа жете алмады. Осы жылы бір жекелей және бір жұптық сайыста ойнады. Бірақ екеуінде де жеңілді. Көбінесе Попко төменгі санаттағы жарыстарға қатысып жүр.

7. Андрей Голубев – 230,7 мың доллар

Тағы бір танымал қазақстандық теннисшінің – 34 жастағы Голубев әлемдік рейтингте 28-орында тұр. Қазіргі таңда ол жекелей сында өнер көрсетпейді. Өткен жылы ол ATP деңгейінде 46 жұптық кездесудің 22-сінде жеңіске жетті. Бірақ оның биылғы ең маңызды жетістігі – "Ролан Гарростың" финалына шығуы болды.

6. Ярослава Шведова – 265,7 мың доллар

34 жастағы Шведова екі ай бұрын кәсіби мансабын аяқтады. Жалпы ол биылғы 15 кездесудің екеуінде, ал жұпық сында 12 кездесудің біреуінде жеңіске жетті. Мансабын жұптық сайыс бойынша 435-орынмен аяқтады.

5. Михаил Кукушкин – 385,6 мың доллар

Тәжірибелі, 33 жастағы Кукушкин жекелей рейтингте 182-орында тұр. Осы маусымда ол ATP турнирлерінде 18 матчтың бесеуін ғана жеңді. Бірақ Михаил "Дэвис кубогінде" өзін тамаша қырынан көрсетіп, жылды абыроймен аяқтады.

4. Зарина Дияс – 534,4 мың доллар

Өкінішке қарай, 28 жастағы Зарина Дияс жекелей (102) және жұптық (179) сайыстар бойынша әлемнің үздік 100 теннисшінің қатарына іліге алмады. Алайда жалпы алғанда бір жыл ішінде ол жақсы нәтиже көрсетіп, 47 кездесудің 25-інде жеңіске жетті. "Үлкен дулыға" турнирлерінде Зарина Аустралияда өзін жақсы жағынан көрсетіп, үшінші айналымынан кейін жарысты аяқтады.

3. Юлия Путинцева – 684,4 мың доллар

26 жастағы Путинцева жылды әлемдегі 42-ші ракетка ретінде аяқтады. Ол 2021 жылы 56 ойынның 32-сінде жеңіске жетті. Юлия Зарина сияқты Аустралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне өтті.

2. Александр Бублик – 1,22 миллион доллар

24 жастағы Бублик жаһандық рейтинг бойынша әлемнің 36-шы ракеткасы және Қазақстанның үздік теннисшісі. Ол бір жылда 65 кездесу өткізіп, оның 35-інде жеңіске жеткен. Жұптық сайыстарда Александр көп жағдайда жеңіліп жатты. Әріптесімен берге 34 ойынның 11-інде жеңіске жетті. Бублик Голубевпен бірге жұптық сында "Ролан Гарростың" финалына, жекелей сында "Уимблдонның" үшінші кезеңіне дейін шықты.

1. Елена Рыбакина – 1,28 миллион доллар

Еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі 22 жастағы Елена биылғы маусымды әлемдік рейтингте 14-орынмен аяқтады. Ол 56 ойынның 33-інде қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ жұптық сайыстарда да жақсы нәтиже көрсетіп, 11 рет жеңіске жетті. "Ролан Гарроста" ол жекелей де, жұптық жарыста да ширек финалға шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу