Жұмыс іздеу кезінде сіз білуге тиіс ең үздік бес қадам

1199

Қазақстанда жыл сайын кемінде 100 мың жасты оқуға, жұмысқа орналасуға және жеке іс ашуға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына тарту жоспарланып отыр. 

Жұмыс іздеу кезінде сіз білуге тиіс ең үздік бес қадам Фото: canva.com

Индикаторлар уәкілетті органдармен бірге пысықталып, өңірлерге берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл үшін 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында бұл іс-шараларды іске асыру үшін қажетті қаражат көзделген. Осыған орай inbusiness.kz сайты жұмысқа орналасу кезіндегі сұқбатқа дайындық барысы туралы шолу әзірледі.

Еңбек нарығын зерттеуден және тамаша түйіндеме құрудан бастап, қолайлы жұмыс табуға дейінгі аралықта көптеген қадамдары бар. Бірақ процестің ең маңызды сатысы – жұмыс беруші тараппен болатын сұхбат.

Жұмыс беруші тараппен кездесудегі сұхбат өзіңізді көрсететін сәттің маңызды бөлігі.

Барынша алға ұмтылу

Адамдар көбіне жеке сұхбатты жақсы көреді. Америка кадрлар қауымдастығының (ASA) Harris Poll жүргізген зерттеуіне сәйкес, адамдардың 70%-ы жеке сұхбаттасуды жөн деп білсе, 17%-ы бейне қоңырауды және 9%-ы тек аудио қоңырауды құп көрген. Көптеген компаниялар видео немесе аудио қоңырауларды пайдаланады, содан кейін талқылаулардың екінші немесе үшінші этапына адамдарды бетпе-бет сұхбатқа шақырады.

Сұхбаттың қандай түрі болса да, дайындық уақытты қажет етеді. Егер сіз дайындалмасаңыз, сәтсіздікке ұрынып қалуыңыз ғажап емес. Twin Employment зерттеуіне сәйкес, сұхбат алушылардың 33%-ы сұхбаттасудың алғашқы 90 секундында біреуді жалдайтындарын хабарлаған.

Дәл сол зерттеу сұхбат алушылардың 40%-ы адамдарды дауысы мен жалпы сеніміне қарай бағалағанын анықтаған. Сондықтан алдын ала дайындықтың маңызы бар. Тек барлығы шамамен болғаны дұрыс, өйткені JazzHR мәліметтері бойынша, жұмыс беруші тараптың 76%-ы үміткердің менмендігіне байланысты бас тартатын болып шыққан.

Дайындық неге маңызды?

Дайындық өте маңызды. Кейбір адамдар жақсы даярлықпен табысқа тез жетеді. Бірақ көпшілігі дайындықты салқынқанды қабылдайды. Әрине, табысты болуыңыз үшін дайындыққа мән бергеніңіз абзал, өйткені бәсекелестеріңіз осы уақытта сұхбатқа әзірленіп жатуы әбден мүмкін.

№1 – Үй тапсырмасын орында

Егер сіз ASA зерттеуіне қатысушылардың 70%-ның қатарынан болсаңыз, сіз компанияны зерттейсіз. Өзге 60%-ы сияқты жұмыс сипаттамасын қарайсыз. Сондай-ақ сізден сұхбат алатын адам туралы шағын зерттеу жүргізгіңіз келеді, себебі сұхбат бергендердің 24%-ы сұхбаттасушы туралы алдын ала ақпарат іздейтінін айтқан. Және бұл өте қажет. Өйкені Twin Employment зерттеуіне сәйкес сұхбат алушылардың 47%-ы компания тарихымен таныс емес үміткерге жұмыс ұсынбайтындарын айтқан.

Сіздің дайындығыңыз жалпы тәртібіңізді, қалай жұмыс істейтініңізді және жұмысқа осындай күш салуға дайын екеніңізді көрсетеді. Сондай-ақ компанияға да, жұмысқа да қызығушылық танытыңыз. Жұмыс істеуге деген ынта мен кәсіби біліктілігіңізді теңестіре көрсеткеніңіз дұрыс.

№2 – Үздік бол

Сондай-ақ физикалық, когнитивтік және эмоционалдық тұрғыдан үздік болу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасаңыз. ASA мәліметтері бойынша, адамдардың 64%-ы түнгі ұйқыға мән береді, ал 37%-ы сұхбат алдында жақсы тамақтанады. Сонымен қатар адамдардың 42%-ы әңгімелесуге бірден кірігіп кетуді зерттейді.

Жұмыс үшін бәсекелесетін адамдар да сыртқы келбетіне назар аударатынын айтады. ASA зерттеуі көрсеткендей, 31%-ы шаштарын қиып, 27%-ы бояйды және 24%-ы бет түгін алатын көрінеді. Ал 66%-ы кездесуге не киетінін таңдауға күш салды.

Өйткені сұхбатқа шақырушы тараптың басым көпшілігі үміткердің киіміне, әрекетіне, есіктен қалай кіретініне байланысты таңдау жасайтындарын айтқан.

№3 – Өз құндылығыңызды көрсетіңіз

Вербалды емес әрекеттерден басқа, сіз өз бойыңыздағы құндылығыңызбен бөлісе отырып, тиімді пайдалануыңыз керек. ASA мәліметтері бойынша, адамдардың 52%-ы жалпы сұхбат сұрақтарына жауап беруге машықтанса, 31% үміткер досы немесе тәлімгерімен алдын-ала тәжірибе сұхбат жасайды.

Сұхбат берушілер сіздің күшті дағдыларыңызға (hard skills) ғана басымдық бермейді, сонымен қатар олар көшбасшылық, бастамашылық және шығармашылық сияқты біліктіліктің (soft skills) болғанын қалайды. Ал мұндай дағдылар командаларға, инновацияларға және компания мәдениетіне әсер етеді. Әңгімелесу барысында жалпылама ғана емес, өзіңіздің мінез-құлқыңызды, таңдауларыңызды, өсуіңізді және әсеріңізді көрсететін әңгімелер мен мысалдармен бөлісуге дайын болыңыз.

№4 – Жұмыс берушіні бағалау

Әңгімелесу барысында ұйым мен оның жетекшісін лайықты бағалауға мән беріңіз. ASA мәліметтері бойынша, адамдардың 61 пайызы сұрақтарды алдын ала дайындайды.

Өзіңіз расымен білгіңіз келетін сұрақты қойыңыз және ол сұрақтар сіз туралы не аңғартады? Мысалы, ұйымның құндылықтары мен ұстанымы туралы сұрау арқылы мәдениетке көңіл бөлетіндігіңізді білдіреді. Оқу мүмкіндіктері туралы сұрау сіздің өсуді бағалайтындығыңызды және уақыт өте ұйымға үлес қосқыңыз келетінін білдіреді. Жұмыс сипаттамасында немесе хабарламада жауаптары бар сұрақтарды қоюдан аулақ болыңыз, оның орнына өзіндік нюанстары бар және сұхбат алушыны ойлануға және жауап беруге қызықты сұрақтар қойыңыз.

Ерекше сұрақтарыңыз арқылы есте қаласыз әрі жұмысқа деген адалдығыңызды және ынтаңызды көрсете алады.

№5 – Байланысты үзбеңіз

Сұхбаттан кейін сұхбат беруші(лер)ге бірден алғыс айтуға дайын болыңыз. Бұл олардың назарында қалудың тамаша тәсілі. Сондай-ақ егер кездесуден соң сізді жұмысқа шақырмаса, белгілі бір уақыт өткеннен кейін тағы да байқап көріңіз.

Ең бастысы, бүкіл процесте кәсіби болыңыз. Ұсыныс алғаныңызға және оны қабылдағаныңызға қарамастан, әрқашан сыпайы болыңыз және қарым-қатынасты сақтаңыз. Жол-жөнекей кездескендердің барлығы болашақ қарым-қатынастардың бір бөлігі деп біліңіз. Араласатын ортаның кеңдігі мен тереңдігі болған сайын нақты мүмкіндіктерге толы болашаққа жол ашасыз.

Жеңіске дайындық

Сұхбатқа жақсы дайындалсаңыз, жақсы жұмыс табуыңызға мүмкіндік туып тұр деген сөз. Дәл қазір жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, өзге бәсекелестеріңізден оқ бойы оза шабуға тамаша мүмкіндігіңіз бар!

Іске сәт!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу