Журналист Асхат Ниязов қайтыс болған Риддер әкімінің отбасынан кешірім сұрады

7482

Журналист Асхат Ниязов 39 жасында қайтыс болған Риддер әкімінің жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Журналист Асхат Ниязов қайтыс болған Риддер әкімінің отбасынан кешірім сұрады Фото: бейнеден скриншот

Белгілі болғандай, Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол ауруханада жүрегі тоқтап қайтыс болған.

"Обожаю" арнасының авторы Асхат Ниязов бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде хабарлай келе, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

"Бүгін Риддер қаласының әкімі қайтыс болды. Егер менің шығарылымым болмағанда, ол осыншама хейттің астында қалмас еді дегенмен келісемін. Иә, мен жауапкершіліктен қайтпаймын. Өзінен және отбасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Ол ештеңеге қарамастан, батылдықпен түсірілімге келісті. Маған көптеген адамдар оның жақсы адам болғандығын жазып жатыр. Иманды болсын", - деп жазды журналист желідегі парақшасына.

Айта кетелік, аталған арнаға әкім сұхбат бергеннен соң әлеуметтік желілер мен медиада әкімге қарата мазақтаған сыңайдағы пікірлер кең тараған болатын. Осы түсірілімнен соң көп ұзамай бірнеше айдан соң Риддер қаласының әкімі қайтыс болды.

Дмитрий Анатольевич Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2007 – 2014 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.

2015 – 2020 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдан бастап Риддер қаласының әкімі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу