Жыл басталғалы Ұлттық қорға 855 млрд теңге түсіп, 2 трлн теңге алынды

558

Сәуір айының аяғында Ұлттық қордағы қаражат көлемі 31,9 трлн теңгені құрады.  

Жыл басталғалы Ұлттық қорға 855 млрд теңге түсіп, 2 трлн теңге алынды Фото: shutterstock.com

Ал, жыл басында бұл көрсеткіш 33,06 трлн теңге болатын.

Осылайша, 4 айда Ұлттық қор 1,16 трлн теңгеге немесе 3,5%-ға қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

4 айда Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансфертке 1,6 трлн теңге жұмсалды. Тағы 400 млрд теңгесі мақсатты трансфертке, 13,3 млрд теңгесі қорды басқару мен аудитке жұмсалды.

Жалпы, жыл басынан бері Ұлттық қордың шығыны 2,01 трлн теңгені құрады.

"Осы уақытта қорға 854,9 млрд теңге түсті. Бұл қаражаттың 98,7%-ы немесе 843,6 млрд теңгесі мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салық. Оның ішінде корпоративтік табыс салығы – 429 млрд теңге немесе Ұлттық қорға түскен салықтың жалпы сомасының 50,9%-ы. Тағы 234,8 млрд теңге немесе 27,8% жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлудегі қазақстандық үлеске тиесілі. 2024 жылы Ұлттық қор небәрі 3,2 трлн теңгеге өсті. Егер 2024 жылдың басында Ұлттық қордың көлемі 29,8 трлн теңге болса, соңында 33 трлн теңге болды. Жыл ішінде қордың кірісі 8,82 трлн теңгеге жетіп, 5,62 трлн теңгесі алынды", – делінген Қаржы министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу