Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары 11%-ға қымбаттаған

1996

Бір аптада ӘМАТ бағасының көтерілгенін Шымкент қаласы мен Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары сезген. 

Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары 11%-ға қымбаттаған

Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы 11,4%-ға көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – 1,3%, ал жыл басынан бері 11,4%-ға қымбаттаған.

Бір аптада пияздың бағасы – 12,2%, сәбіз – 3,9%, қырыққабат – 8,3%, сары май және ұн – 1,2%, картоп – 2,6%, тауық еті – 1,7% артқан.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының апта ішінде ең көп өсуі Жамбыл облысы, (4,2%), Шымкентте қаласы (3,9%), Маңғыстау облысында (2,1%) тіркелді.

Өткен аптада сауда орындарында бағаны негізсіз көтеруге жол бермес үшін 36,5 мың дүкен немесе сауда нүктелерінің 87%-ы тексерілді. Нәтижесінде, 259 заң бұзушылық анықталды, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 2,5 есе төмен.

Тексерістің қорытындысы бойынша Шымкенттегі 3 сауда нысанында сауда үстемесі 5-15%-ға, Жамбыл облысында 2-9%-ға, Маңғыстау облысында сауда үстемесі 25-33%-дан 9-14%-ға дейін төмендеген.

Үкімет мүшелері елдегі бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шектерде ұстап тұру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанын айтады. Алайда әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне ықпалын тигізуі мүмкін.

"Әлемде болып жатқан проблемалар бар. Мысалы, сүт өнімдерін алайық. Бүгінде бұл өнімге қажет қаптаманы жеткізу тоқтатылды. Бұрын қаптама Ресей және басқа елдер арқылы жеткізілетін. Бүгінде тауарларды жеткізудің географиясы өзгеріп жатыр", – дейді Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистерге.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті екенін айтады (843 мың тонна).

"Оның ішінде ұн – 12,4 мың тонна, картоп – 4,7 мың тонна, қант – 3,9 мың тонна, күнбағыс майы – 1,4 мың тонна, сүт – 0,4 мың тонна, қырыққабат – 0,07 мың тонна, тұз – 0,07 мың тонна, ашытылған сүт өнімдері – 0,03 мың тонна, нан – 0,02 мың тонна, сиыр еті – 0,01 мың тонна, тауық – 0,007 мың тонна, макарон өнімдері – 1,3 мың тонна, сәбіз – 1,1 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна, пияз – 0,5 мың тонна, қарақұмық – 0,4 мың тонна, , – деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат