Қазақстан мұнай-газ химиясында өндіріс көлемін 150%-ға арттырды

443

Мұнай-газ химиясы өнеркәсіптің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі. 

Қазақстан мұнай-газ химиясында өндіріс көлемін 150%-ға арттырды Фото: canva

Үкімет өнеркәсіп саласын дамытуда маңызды қадамдардың бірі ретінде индустриялық өсімнің жаңа драйвері – мұнай-газ химиясының көлемін арттыруды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкіметтің мәліметінше, 2024 жылы мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 540 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 150,5%-ға артқан.

Сектор үшін маңызды қадамдардың бірі – метанол өндіретін зауыт салу жөніндегі алғашқы инвестициялық келісімнің жасалуы.

Бұдан бөлек, мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Сондай-ақ, "Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы" жаңа заңның жобасы әзірленіп жатыр, оны 2026 жылы қабылдау жоспарланып отыр.

Есептелген өндірістік көлемге сәйкес, биыл жыл соңына дейін 590 мың тонна мұнай-газ химиясы өнімін өндіру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың 9 айында өндіріс көлемі 477,2 мың тонна болды, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8% (412,2 мың тонна).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу