Nice-Matin басылымы да боксшының осы күні қатты күйзеліске түскенін жазып, дабыл қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, алжирлік боксшы Иман Хелиф гендерлік тексеріс дауына ілігіп, әлем назарын аударған-ды.
– Иман бокстан түбегейлі қол үзіп отыр. Тіпті, ол Олимпиададан кейін жаттығуға қайта кіріспеді. Егер Хелиф кәсіби рингке шыққысы келсе, тағы да дәл сондай тексеруден өтуге мәжбүр болады, – деді Насcера Йесфаха.
Хелиф 2023 жылы Үндістанда өткен әлем чемпионатында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған гендерлік тесттен өте алмай қалған еді. Сол жарыста Тайвань спортшысы Линь Юйтин де сынақтан сүрінді. Десе де, Халықаралық Олимпиада комитеті екеуіне де 2024 жылғы жазғы Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік сыйлады. Парижде Иман Хелифтің бағы жанып, алтын медаль (66 келі салмақта) жеңіп алды. Сол уақытта да оның жынысын ауыстырғаны туралы ақпараттар желдей есті, бірақ Иман оның бәріне қарсы тұра білгендей көрінді.
Осыған дейін біз Иман Хелифтің Олимпиада алтынынан айырылып қалуы мүмкін екенін жаздық.