Зілтемірші Арли Чонтей әлем чемпионы атанды

1596

7 желтоқсан күні Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды.

Зілтемірші Арли Чонтей әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 55 келіге дейінгі салмақта үздік нәтиже көрсетті. Жұлқа көтеруде Чонтей үш мүмкүндікті сәтті пайдаланып, 118 келі салмақты бағындырды.

Серпе көтеруде де Чонтей тамаша өнер көрсетті. Ол максималды 142 келіні көтерді. Жалпы есепте 260 келі жеңіс үшін жеткілікті болды.

Екінші орынды 256 (115+141) келіні бағындырған Тада Сомбунуан (Таиланд) иеленсе, 254 (110+144) келіні көтерген болгариялық Анхель Русев үздік үштік қатарын толықтырды.

Осы орайда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Арли Чонтейді жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.

"Қазақстандағы барша олимпиадалық жанұя атынан Сізді Ташкенттегі әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен құттықтаймын. Сіздің алтын жүлдеңіз жылдар бойы жалғасқан тынымсыз жаттығу мен еңбектің арқасында келді. Жанкүйерлер сіздің 2018 жылы Ашхабадта жеңіп алған күміс жүлдеңізді ұмытқан жоқ. Бүгінгі керемет көрсеткіштен соң адал еңбектің жақсы нәтижемен оралатыны тағы да дәлелденді. Ұзаққа созылған пандемия барлық салаға салқынын тигізіп, спорттық жарыстар күнтізбесіне де өзгеріс енгізген шақта чемпион атану жеңістің бағасын одан әрі арттыра түседі. Сіздің бапкерлеріңіз Михаил Сорокин мен Виктор Ниді де жетістігімен құттықтаймын! Бұл жеңіс үлкен спорттағы қадамын енді аттаған көптеген жас атлеттерге жігер беретініне сенімдімін! Зор денсаулық пен толағай табыстар тілеймін", – делінген құттықтау хатында. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу