Футбол аңызы және "Милан" клубының басшылығында қызмет атқаратын Златан Ибраһимович 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Олимпиада алауын алып жүру эстафетасына қатысады.
Қысқы Олимпиада-2026 алауын алып жүруге футбол әлемінің бірнеше жұлдызы шақырылған. Олардың арасында Златан Ибраһимовичпен қатар Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Чиро Феррара және "Комо" командасының ойыншысы Алиша Леманн бар.
Алау эстафетасы 26 қарашада Олимпияда басталды. Ол Грекияның бірнеше қаласы арқылы өтіп, 4 желтоқсанда Афинаға жеткізіледі. Сол жерде алауды тапсыру рәсімі өтеді. Италиядағы кезең 6 желтоқсанда Римде басталып, елдің 60 қаласы мен елді мекенін қамтиды. Эстафета 2026 жылдың 5 ақпанында, Олимпиада басталардан бір күн бұрын Миланда аяқталады.
Сонымен бірге Италия әйелдер құрамасының бас бапкері Андреа Сончин де Олимпиада алауын алып жүреді.
Ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпанда "Сан-Сиро" стадионында өтеді. Осыған байланысты "Милан" – "Комо" матчы Италиядан тыс аумаққа ауыстырылады