Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

3507
Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

Inbusiness.kz тілшісі Арал ауданындағы «Арал сервистік дайындау орталығы» зауытында болып, балықты терең өңдеу процесін көзбен көріп қайтты.

Зауыттағы өңделген балықтардың 90 пайызы шет мемлекеттерге жөнелтіледі екен.

Осы күні цехта 40-тан аса қызметкер жұмыс істейді.

Шынын айту керек, Арал теңізінде су тапшылығы мен балықтың аздығы жасыратындай мәселе емес. Осы күні теңіз арнасынан 1,5 шақырым алыстап кеткен деген мәлімет бар.

Жақында ғана Арал өңірі балықшыларының слетінде Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов «Бүгінгі күні акваөсіру саласын қоспағанда, балықты табиғи су айдындарынан аулаумен ғана шектеліп отырмыз. Облысқа бекітілген балық аулау квотасының көлемі балық өңдеу зауыттарының мүмкіндігінен едәуір төмен. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, балық өнімдерінің көлемін арттырудың бірден-бір жолы – қолдағы су айдындарда балық қорын табиғи молайту мен балық өсіру» деп ашық айтқан болатын.

«4 тонна балық өңдеуге қуатымыз бар, бірақ...»

Біз арнайы аялдаған «Арал СДО» зауытының директоры да осы мәселені сөз етті.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?Әділбек Айымбетов – ертеден ау салып, қармақ тартқан әулеттің ізін жалғастырушы.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

Қарапайым балықшыдан аудандық атқару комитетін басқаруға дейін көтерілген ол 2010 жылдары қаңырап бос қалған бұрынғы балық зауытын жандандырып, Арал теңізі мен Қамбаш көлінің балығын терең өңдеуге кіріскен.

«Күніне 4 тонна балықты терең өңдеуге зауыттың қуаты бар. Бірақ, 40-50 пайыз ғана қуаттылықты игеріп келеміз. Себебі, балық тапшылығы бар. Зауытта 45 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. 2010 жылдың 10 қазанында жұмысты бастадық. 2012 жылы «Еурокод» алдық. Яғни, мекемеміз сол стандарттың бәріне сай. Сондықтан да, арнайы комиссия келіп тексеріс жұмысын жүргізіп тұрады. Бізде өңделген балықтардың 90 пайызы шетелге экспортталады. Еуроодақтас елдер де, өзге елдер де біздің өнімді алып отыр. Олардың қатарында Голландия, Германия, Польша, Дания, Л»итва, Ресей, Грузия және Қытай секілді елдер бар», – дейді «Арал сервистік дайындау орталығы» балық зауытының директоры Әділбек Айымбетов.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?Біз барған уақытта жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр екен.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

Балық өңдеу шебері Жамилия Маханбетова бізге жұмыс барысын бастан-аяқ айтып берді.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

Онда теңіз маржаны есіктен кіргеннен бастап түрлі-түрлі процеске тап болады. Яғни, балық жуылады, салмағы өлшенеді, қабығы аршылады, кесіледі, сойылады, тазаланады, кептіріледі, мұздатылады, т.б.

«2018 жылдан бастап балық зауытында жұмыс істеп келемін. Мамандығым – балық өңдеу шебері. Цехқа келген балықты өңдеп шығарамыз. Бұрынғыдай емес, қазіргі күні зауытымыз техникаландырылған. Балық аршитын аппарат іске қосылған. Мұндағы әр қызметкердің өз жұмысы бар», – дейді ол.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?Қыж-қыж қайнаған тірлік «еңбектің етсең ерінбей» деп басталатын мақалды есіңе түсереді. Шынында, зауыттағы түрлі-түрлі техниканың және 45 қызметкердің өз жұмысы бар.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

«Балық зауытында жұмыс істеп жатқаныма 2 жыл болды. Менің жұмысым – балықтарды өңдеу, кесу. Одан кейінгі процестерді әріптестерім атқарады. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Аптасына алты күн жұмыс істейміз», – дейді жұмысшы Жазира Набиева.

Балық өңдеу процесі қалай жүргізіледі?

«Арал теңізін суға толтыру – өте күрделі мәселе»

Арал ауданына жұмыс сапарында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбеков те су тапшылығы барын айтқан-ды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су мен балық шаруашылығына ерекше мән беріп, өз кезегінде тапсырма да жүктеген болатын. Осы орайда, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы күні тапсырмаға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті деңгейде жұмыстар жүргізіліп отыр. Ең біріншіден, Арал теңізін суға толтыру мәселесі. Ол – өте күрделі мәселе. Ол балық қорына тікелей әсер етеді. Екіншіден, балық өсімін молайту шаралары. Арал өңірінде «Қамыстыбас» балық питомнигі бар. Оның техникаларын, жабдықтарын, материалдық базасын жаңарту бойынша шаралар қарастырылған», – деді ол.

Былтыр «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасына 500 миллион теңге бөлінген еді.

Ол қаржыға «Ақлақ» су торабына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша канал арнасын қазу жұмысы атқарылған. Ірі саналатын Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесін, шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін 10 каналдың арнасы тазаланып, ұлғайтылып, 6 су тоспасының құрылысы жүргізілген. Соның нәтижесінде Арал теңізіне мол су кезіндегі 3 айда 1,3 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік жасалыпты.

РЫСКЕЛДІ СӘРСЕНҰЛЫ

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу