«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер

4910

Музейдің іргесін қалап, жәдігерлерін жинақтаған бұрынғы балық шаруашығы министрі – Құдайберген Саржанов.

Музей қорында осы күні 2000-нан аса құнды жәдігер бар. Уақыт өткен сайын олардың саны артқан. Себебі, атакәсібін ұмытпаған өңір тұрғындары балық шаруашылығына қатысты баға жетпес байлықтарын музей қорына өткізуге бейімделіп келеді.

Inbusiness.kz тілшісі Қызылорда облысы, Арал қаласындағы «Балықшылар» музейіне арнайы барып, фоторепортаж жасады.

Жалпы, «Балықшылар» музейі – XIX ғасырдағы орыс сәулет өнері үлгісінде салынған орыс көпесінің үйі. Ол Қазан төңкерісінен соң балық тресіне берілген. Кейіннен қоғамдық негізде қызмет жасап, бертін келе, яғни 2012 жылы Арал ауданы әкімінің шешімімен «Балықшылар» музейі болып қайта құрылды. Музейде «Балықшылар», «Кемелер» залы және ашық аспан астындағы музей көрмесі ұйымдастырылған.

Теңіз табанынан табылған қала

Музей экспозициясы Арал теңізінің бастау алатын тарихына арналған. Арал теңізінің алғашқы пайда болуы, зерттеушілердің тағылымдық тұжырымдамаларына негізделген. Б.з.д. V-IV ғасырлардағы сақ дәуіріндегі Сырдарияның төменгі ағысындағы егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасу кезеңі мен белгілі уақытты айғақтайтын көне жәдігерлер экспозицияда тұр. Мысалы, сақ тайпаларының астанасы болған Шірік-Рабат қалашығынан табылған құмыра жиынтықтары мен әшекей бұйымдардың музейдегі орны ерекше.

«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер

- Мұндағы экспозицияның бірі XIV ғасырмен мерзімделетін Арал теңізінің кепкен табанынан табылған Кердері қаласының тарихына арналған. Экспозициялық қатардан Алтын Орда кезеңінің темір монеталары, қыш ыдыстары, алтын бұйымдары мен диірмен тастарының жинағы қойылып, тұтас дәуірдің тарихи мәліметтері берілген.

Әрі қарай экспозицияны XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Арал теңізін зерттеген Тевкелев, Ф.Берг, Северцов, Бартольд сынды белгілі тұлғалар жалғастырады. Олардың өмірдеректері мен зерттеу еңбектері туралы мәліметтер берілген.

Келесі экспозиция 1848 жылы Арал теңізін толық зерттеп, алғаш картасын өмірге әкелген тарихи тұлға А.Бутаковқа арналады. Экспозицияға саяхатшы-зерттеуші контр-адмирал Бутаков пайдаланған күміс қасығы негізгі жәдігерлер санатында, - дейді музейдің меңгерушісі Алишер Саржанов.

Арал теңізінен балық аулау кәсібі XIX ғасырда басталған

«Балықшылар» музейіне алыс-жақын шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Мұны музей қызметкерлері мақтанышпен айтты. Мысалы, жақында ғана Арал теңізіндегі жаздық мектептің қатысушылары қонақта болған. Оның құрамында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан елінен келген студенттер мен жас ғалымдар бар. Олар музей экспозициясының құнды жәдігерлерімен танысып, Арал теңізі трагедиясы туралы деректі фильмді көрген.

Негізі, Арал теңізінен балық аулау кәсібі XIX ғасырда орыс көпестерінің алғаш келуімен байланысады. Көпестер жасатқан тақтай қайықтардан бастау алатын кезең бірте-бірте дамытылып, үлкен қайықтар мен желкенді кемелерге ұласты. Музейде экспозиция Арал теңізіндегі қайықтан кемеге дейінгі дәуірді бейнелейді. 

«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер

Заманауи сенсарлық теледидар арқылы келушілер өзін қызықтырған кемелер туралы мәліметті біле алады.

«Балықшылар» музейінің іргесін қалаған кім?

Арал теңізі тақырыбындағы деректі фильмдер көрсетілімін бейнепроектор арқылы кеңжолақты экраннан көруге болады. Бүгінгі ұрпақтың зейінін ашуға арналған фильмдер өткен дәуірді көз алдыңызға әкелері сөзсіз. Сонымен қатар, композицияда теңіз кемелерінің техникалық құрал-жабдықтары және балықшы қауымның тұрмыстық құрал-жабдықтары бар.

Сондай-ақ, музейді аралау барысында келушілер қазақ балық өнеркәсібін өркендетуге атсалысқан белгілі тұлғалар, комиссарлар мен Наркомдар, су шаруашылығы комитетінінің төрағалары мен балық шаруашылығы министрлерімен қатар, балық шаруашылығы бойынша Арал ауданының Социалистік Еңбек Ерлерімен танысады.

«Балықшылар» музейінің іргесін қалап, жәдігерлерін жинақтаған мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы балық шаруашығы министрі, Аралдың төл перзенті – Құдайберген Саржанов.

«Кемелер» залы 3 қабаттан тұрады

«Кемелер» залы Арал теңізін зерттеуге арналған Лев Берг кемесінің лабороториялық кеңсесінде орналасқан. Көрерменнің өзінің басқаруымен жүзеге асырылатын теңіз кемесінің заманауи жүзу процесі келушіге ерекше көңіл күй сыйлайды. Теңіз кемесінің штурвалын қозғау арқылы кемеге бағыт беріп, көрермен өзін кеме жолаушысындай сезінеді.

Социалистік Еңбек Ері, кеме капитаны, көк теңіздің «көкжалы» Төлеген Әлімбетовтің портреті, кеме капитанының қызметтік киімі, капитан сызғыштары және кемені басқару штурвалы, бәрі-бәрі «Кемелер» залының көркін келтіріп тұр.

Сондай-ақ, диорамада Арал теңізінің Арал қаласына жағалауы суреттелсе, әрі қарай Арал теңізінің флорасы мен фаунасына арналған экспозицияға орын берілген. Арал теңізін мекендеген балықтардың бірнеше түрі мен құрылымы және өсімдік әлемінің сирек кездесетін түрі де қамтылған.

«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер«Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер

Теңіз кемелерінде арқандарды буу және түю түрлерінің нұсқалары мен сүңгуірлерінің арнайы киімі, теңізші етігі, зәкір секілді заттар бірінші қабатта орналасқан.

«Кемелер» залының екінші қабатының экспозициясы балықшылардың өміріне арналған тарихи суреттер жиынтығына және теңіз матростарының жатын бөлмесі жасақталған. Ал, кеменің үшінші қабатында кеме капитанының қызметтік бөлмесі бар.

Біз келесі фоторепортажымызды ашық аспан астындағы музейге арнаймыз. Онда да балық шаруашылығына қатысты құнды жәдігерлер жетерлік.

Фотоларды редакцияның жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға болмайды!

Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ

Фото: Автордыкі

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу