Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады

16897
Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады

Мемлекет басшысының өкілеттігін беру салтанаты Парламент палаталарының бірлескен отырысында болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ант қабылдап, Қазақстан Президенті қызметіне кірісті.
Бұл туралы бүгін, 20 наурыз күні, inbusiness.kz. тілшісі оқиға орнынан мәлім етті.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР Конституциясын және ҚР заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтар мен еріктеріне кепіл беруге, маған сеніп тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары міндеттерін адал орындауға салтанатты түрде ант беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев елді сайланған президенттің 2020 жылдың сәуіріндегі өкілеттік мерзімі біткенге дейін басқарады.

Еске салар болсақ, 19 наурыз күні ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенттігі өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдеме жасап, тиісті жарғыға қол қойған болатын.

Конститутцияға сәйкес Қазақстан Республикасы президенті мерзімінен бұрын кеткен немесе кетірген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда ел президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент төрағасына көшеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін біледі 1975-1979 жж. – КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, кезекші референт, Сингапур Республикасындағы КСРО елшілігінде референт. 1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министірлігінің орталық аппаратында, Сингапур Республикасындағы КСРО елшілігінде, КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды. 1992 жылы наурызда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары.1979-1983 жылдары аға референт, атташе, КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы болған. 1983-1984 жылдары Бейжің Тіл институтында бір жылдық лингистикалық институтте тағлымдамадан өтті.1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы болып, 1985-1991 жылдары КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде екінші, бірінші хатшы қызметін атқарды.1993-1994 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары. 1994-1999 жылдарда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болған. 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер Министрі. 2003 жылы Сыртқы істер министрі, 2007-2011 жылдары депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы болды. 2011-2013 жылдары БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропалық бөлімінің басшысы, 2013 жылдың 16 қазанынан ҚР Парламент сенатының спикері. 2017 жылдың 13 қыркүйегінен – ҚР Парламент сенатының депутаты .

Динара Куатова

Сурет: Серік Ковланбаев