Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

41802
Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

22 наурызда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Астанаға екікүндік мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев келді.

Өзбек басшысын Астана халықаралық әуежайында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов және басқа да лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапардың негізгі шаралары 23 наурызға жоспарланған. Жоғары деңгейдегі кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және мәдени- гуманитарлық ынтымақтастығы талқыланады.

Өзбек президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада  өзбек тауарөндірушілерініӊ Ұлттық көрмесі мен қазақ-өзбек бизнес форумы өтеді. Сапар қорытындысында мемлекетаралық, үкіметаралық, мекемеаралық құжаттарға қол қойылады. 