«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздік

19656
«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздік

Алматы әуежайындағы кинология қызметінің жұмысы жайлы фоторепортаж.

Ұшақ арқылы саяхаттайындар үшін жүк пен қол жүгін тексеру үйреншікті рәсім. Авиация қауіпсіздігі қызметінің талабы бойынша, артық сөз айтпастан, жүктерімізді сканер таспасына қойып, металл детектор жақтауы арқылы өтеміз. Алайда әуежай залында ит жетектеген жасыл киімдегі күзет қызметкерлерін саяхаттаушылардың бірі көрсе, бірі байқамайды. Күзет қызметінің «төрт аяқты» қызметкерінің қалай жұмыс істейтінін бәрі бірдей біле бермейтіні анық. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікИттер Алматы әуежайы салынған кезден бастап, яғни өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап «жұмыс істейді». Алпыс жыл бойы иттер тек күзет қызметін атқарып, әуежай мен оның аумағындағы нысандарды күзетіп келді. Алайда қазір нысандар мен оның аумағын күзетудің бейне бақылауы мен заманауи жүйесі дамыған заманның өзінде иттердің көмегі қажет. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздік1995 жылы Алматы әуежайындағы кинология қызметі құрамында жарылғыш заттар мен оқ-дәріні іздеуге үйретілген арнайы иттер қызметі пайда болды. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікКеден қызметінің иттеріне қарағанда авиация қауіпсіздігі қызметінің иттері жолаушылардың жүктері мен қалтасынан есірткі мен жарияланбаған валютаны іздемейді. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікОлардың міндеті - әуе кемесіне жарылғыш зат пен оқ-дәріні алып өтуге жол бермеу. Қызмет атқару үшін әр ит арнайы дайындықтан өтіп, сертификат алады. Іріктеу критерийлері өте қатал. Шамамен жүз иттің ішінен қызмет жасауға тек үш-төртеуі ғана өтеді. Қалғандары іріктеу кезеңінде әртүрлі белгілері бойынша шығып қалады. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікТөрт аяқты қызметкерлердің кәсібилігінің басты критерийі – иіс сезгіштігі мен адамдарға агрессия көрсетпеуі. Ғалымдардың пікірінше, ит екі миллионға дейінгі иісті есте сақтауы мүмкін, ал бұл жұмыс үшін оларға сегіз қатерлі иісті білу керек. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздік

Кинология қызметінің иттері арнайы орталықтардағы дайындықтан кейін, өздерінің еңбек өтілін екі жастан бастайды. Алғашқы кезде иттерге «жақсы мінез ережесі» мен негізгі үш жұмыс маркері үйретіледі. Кейін алты жылға созылатын қызмет барысында иттер басқа иістерді айыруды үйренеді. Иттерді жаттықтыру олардың қызметімен тікелей байланысты. Арнайы қызметкерлер маркерлерді жасырады, оны тапқан иттер сыйлық алады.

Сондықтан бұл иттер үшін қызмет атқару – тамақтың ең дәмдісін жеу деген сөз. Авиация қызметінің иттері «зейнетке» сегіз жасында шығады. Олар өздерімен қызмет атқарған жолсеріктеріне беріледі. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікАвиация қауіпсіздігі қызметіндегі иттердің дені – неміс және шығысеуропалық овчаркалар, спанелдер мен бельгия овчаркалары. Бұл иттердің тұқымдары «иіспен ғана жақсы» жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен қатар тез үйретіледі, яғни бейтаныс адамдарға қарсылық көрсетпейді. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікБатыс елдерінің әуежайларындағы қауіпсіздік қызметіне қарағанда біздің жолсеріктер итті шылбырда ұстайды. Кейде төрт аяқты күзетшілердің Алматы әуежайы залдарында шылбырда және тұмылдырықсыз жүруіне кейбір жолаушылар қарсы болып жатады. Тұмылдырық кисе иттер соған алаңдап, өз міндеттерін орындай алмайды. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікСондай-ақ қауіпсіздік қызметі жолсеріктері адамдардың иттерді жұмысынан алаңдатпауына мән береді. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздікИттер ауысымға түскенде жиі үзіліс жасайды, өйткені оларға әуежай терминалында тұнып тұрған иістерден демалу керек. Кез келген тірі жан сияқты иттерде өздерінің жұмыс орындарына үйренуі мүмкін. Ал бұл олардың жұмыс атқаруына кедергі келтіруі ғажап емес. Сондықтан иттер әуежайдың әр жерінде жұмыс істейді. Мәселен, жұмыстан кейін халықаралық ұшу залында ит жүк бөлімінде немесе әуе кемесінде жұмысын атқаруы мүмкін. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздік

Ауысымнан келген кезде оларды ет ботқасы күтіп тұрады. Олар күнделікті тамаққа ботқадан басқа жаңа піскен көкеністер мен ветеринардың берген дәрумендерін қабылдайды. Кейде олар құрғақ тамақ ішеді. 

«Тұмылдырықсыз» қауіпсіздік

Алматы әуежайының кинология бөлімі – авиация қауіпсіздігінің қиын көпдеңгейлі жүйесінің бір элементі. Қауіпсіздікті күшейтетін жаңа техникаларды сатып алумен қатар ит шаруашылығында осы саладағы ең үздік жетістіктерге мән береді. Орталықтың кинологтары әлемнің ең үздік қызметтік ит шаруашылығы орталықтарында тәжірибеден өтіп, алған білік-дағдаларын Қазақстанның ірі әуежайында қолданады. Енді әуежайда кинолог пен Security деген жаузы бар жилет киген итті көретін болсаңыз, олардың біздің ұшу қауіпсіздігіміз үшін жұмыс істейтінін біліп, кинолог-жолсерікке жұмысын жақсы өткізуді тілеңіз.

Максим Морозов

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу