Жаңа технологиялар Қазақстанның даму драйвері болуға тиіс

9540

Жасанды интеллектке негізделген құралдар елдің технологиялық прогресінің векторы болып табылады.

Алматыда өткен EUSPN-2023 және ICTH 2023 халықаралық ғылыми конференцияларында ғылымның өзара іс-қимылы мен жасанды интеллекттің жаңа технологияларын дамыту бағытын әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші ғалымдар, зерттеушілер мен мамандар талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара «NNEF» қоғамдық қорының мерейтойлық 25 жылына арналды. «NNEF» қоғамдық қоры мен «University Alliance of Science and Technology» ЖОО Альянсы Elsevier-мен бірлесіп ұйымдастырған көп қырлы халықаралық ғылыми-практикалық форум экономиканың жаңа салаларының, инновациялық ғылыми әзірлемелердің және жасанды интеллект негізінде құрылған өнімдердің проблемалары мен перспективаларын талқылауға арналған алаңға айналды.

Бірнеше онжылдық бұрын жасанды интеллектке негізделген технологиялар тек фантастикалық шығармаларда болған, бірақ бүгінде адамзат функционалдығы жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар индустриясының дамуымен тікелей байланысты өнімдер мен құралдарға үйреніп те қалды. Бір ай бұрын елордадағы цифрлық технологиялар форумында сөйлеген сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың аса маңызды салаларында жасанды интеллект технологияларын енгізуге назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. 

Алматыда өткен халықаралық конференциялар қазіргі заманғы цифрлық ғылымның үрдістері мен трендтерін ғана емес, сонымен қатар жаңа өнімдер мен құралдарды қолдану салаларын тікелей талқылау үшін мүмкіндіктер ашатын және осы міндеттерді іске асырудың бастаушы күштерінің біріне айналуы тиіс.

Жиырмадан астам мамандандырылған сессиялары өткен ІCTH 2023 конференциясы барысында ғалымдар мен практиктер денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың ағымдағы және болашақ тенденцияларын талқылады.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) Басқарма төрағасы – Ректоры Асқар Хикметов цифрлық ғылымды дамыту проблемаларының бірі ретінде тұтынушыларды қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне сендірудің өте қиындығы деп санайды. 

«Егер біз қазір қолданбалы ғылым бағытында қозғалмасақ, онда дамыған елдерден артта қалу қаупі бар. Қазақстанда жартылай өткізгіштер мен процессорлардың жеке өндірістері жоқ, сондықтан бағдарламалау саласында ашылатын мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет. Жас ұрпақтың қызығушылығы бар, осы салада жұмыс істегенді ұнататын жас мамандар жеткілікті және олар 4.0 экономикасында сөзсіз сұранысқа ие болады.
Қазір бізде ұзақ ойланып отыратын уақыт жоқ. Мемлекет жаңа технологияларды дамыту үшін мүмкіндіктер ашуы тиіс және бұл жерде цифрлық технологиялар саласындағы заңнаманы уақтылы өзгерту өте маңызды болып отыр. Көрші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, ғылымнан іске асыруға дейінгі жол мүмкіндігінше қысқа болуы керек, соның арқасында жеке пилоттық жобалар ғылым мен экономиканың тоғысындағы барлық салаларды түбегейлі өзгертеді».

Қазақстан – Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) Басқарма төрағасы – Ректоры Маратбек Ғабдуллин қазақстандық жаңа әзірлемелер, ЖИ негізіндегі өнімдер және инновацияларды дамыту перспективалары туралы айтып берді. Университет әкімшілігінің бастамасымен және түлектердің қолдауымен Алматыда «Силикон алқабының» баламасы пайда болады, онда цифрлық саланың инновациялық әзірлемелері жинақталатын болады. 
«Қазірдің өзінде бұл базада ЖИ негізінде құрылған он екі жобамен жұмыс істейтін 50-ге жуық IT-мамандар тіркелген. Бұл жобалар әртүрлі салаларға – экология, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар, АӨК, көлік инфрақұрылымына әсер етеді және жақын арада біз бұл жобаларды жариялайтын боламыз».

Astana IT University инновациялық үздіксіз IT-білім беру мен ғылымның көшбасшыларының бірі болып табылады, ұзақ уақыт бойы Астана әкімдігімен өзара іс-қимыл жасап, елордада «Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде бірқатар жобаларды енгізуде, – деді университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Андрей Белощицкий. 

«Пилоттық жобалардың бірі қаладағы ауаны тазарту технологиясын әзірлеу болды. Биотазартқыш ретінде қолданылатын мүк негізіндегі қондырғы шамамен 100-150 ағаш сияқты ауаны тазартуға және оттегімен қанықтыруға қабілетті. Осылайша, бір қондырғы қаланың экологиялық мәселелерін шеше отырып, қалалық саябақ ретінде жұмыс істейді. 

Жасанды интеллектке негізделген соңғы әзірлемелер кейбір мамандықтарды алмастыра отырып, жұмысты едәуір оңтайландыруға мүмкіндік береді және экономиканың көптеген салаларын дамытудың триггері болып табылады. Сонымен қатар жаңа, жоғары технологиялық мамандықтар пайда болады, олар белгілі бір салаларды тезірек дамыта алатын мүмкіндікке ие».

«University Alliance of Science and Technology» альянсына кіретін қазақстандық университеттер IT-саладағы жаңа технологияларды дамытуда жетекші орындарға ие және көрмеде, халықаралық форум аясында ЖОО Альянсы студенттері әзірлеген өнімдерді ғылыми конференцияларға қатысушылар мен қонақтарға ұсынды. 

Astana IT University студенті Данияр Дәулетия көрмеде «Заттар интернеті» саласындағы перспективалық әзірлемелер мен цифрлық деректер массивтерін өңдеуге байланысты жобаларды ұсынды.

«Жақында ашылған АӨК саласындағы ғылыми-зерттеу орталығымыз ауыл шаруашылығы мен аграрлық кешенмен байланысты цифрлық жобаларды әзірлеумен айналысады. Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру ел экономикасы үшін ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігі үшін де зор маңызға ие. Сондықтан экономиканың осы секторына ерекше назар аудару туралы шешім қабылданды».

ХАТУ стендінде Әнуар Тобатаев өз университетінің цифрлық өнімдерінің бірі туралы айтып берді. Университетте оқып жүрген жас маман бизнес-процестерді цифрландырумен айналыса отырып, қазірдің өзінде өзінің цифрлық зертханасын ашып үлгерген. 

«Біздің виртуалды мұражай өнімі әлі әзірлену үстінде, бірақ қазірдің өзінде бұл өнімнің әлеуеті, мысалы, мұражайларда немесе басқа да көрнекті орындарда топтық саяхатқа мүмкіндік береді. Біздің университеттің тағы бір әзірлемесі – пациенттерге қашықтықтан диагностика жасауға мүмкіндік беретін телемедицина саласына арналған өнім».

Арлан Байқоразов ҚБТУ студенттерінің әзірлемелері туралы айта келе, университет студенттері қазір ұшқышсыз жүйелер негізінде көптеген жобаларды жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Мына шағын робот картография және сызбалар жасау саласындағы жоба болып табылады, үй-жайларда автономиялы түрде жұмыс жасай отырып, тұрған жерін нақтылайды және ғимараттар мен құрылыстардың сызбаларын жасайды. Бұл жоба үлкен аумақтарда жұмысты автоматтандыру үшін оның функцияларын кеңейтуге зор мүмкіндік береді».

Жасанды интеллекттің болашағына және оның бүгінгі ғылым мен экономика үшін қолданбалы маңыздылығына күмән қалған жоқ, және инженерлердің, бағдарламашылар мен ғалымдардың жаңа буыны алдына жасанды интеллектті дамыту және күнделікті өмірге инновацияларды енгізе беру жөнінде өзекті мәселелер қойып, сонымен қатар олар үшін ғылымда болсын, бизнесте болсын шексіз мүмкіндіктер аша беру қажет.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу