Салтанат Байқошқарова - "Экомед" адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы

“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі “100 Жаңа есім” жобасы тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізген қазақстандықтардың тағдырына арналған. Біздің мақсатымыз қоғамның назарын замандастарымыздың өміріне бағыттау. Аталмыш өмірлер жарқын, бақытты кей сәтте көңілге мұң түсірер сәттерге толы. Бұл өмірлер еліміздің әр аймағын қамтиды, адамды нәсілге, жасқа бөлмейді. Бұл өмірлер арқылы біз заманауи Қазақстанның айқын келбетін өзінің білімімен, дарынымен, еңбегімен қалыптастырып жатқан азаматтардың өмірлері. Біздің студиямыздың қонағы көптеген отбасылардың шаңырағына қуаныш сыйлаған абзал жан. Ол кісінің көмегімен көптеген отбасыларымыз көптен күткен бақыт – нәрестелі болу бақытына ие болды. Салтанат Байқошқарова 1995 жылы «Экомед» Бедеулікті емдеу бойынша медициналық орталықтың негізін қалады. Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет экстракорпоралді ұрықтандыру әдісімен бедеулікті емдеу жұмысын ұйымдастырды. Нәтижесінде, 1996 жылдың 31 шілдесінде ең бірінші лабораторияда ұрықтандырылған «пробиркіден» нәресте өмірге келді. Одан бөлек, “Экомед” лабораториясы 1995 жылы алғаш болып Франциядағы ЭКО жөніндегі Әлемдік регистрге тіркелді.  

Жүргізуші: Әлкей Марғұлан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу