Иракта қамауда болған балалар елге қайтарылды

• «ҮЙГЕ АПАРАР ЖОЛ.» Иракта қамауда болған балалар елге қайтарылды.  Арнайы операция қалай жүргізілді, қандай қиындықтар болды, тағы кімдер қамауда отыр,  балалар құқығы бойынша  жауапты өкіл Аружан Саин баяндайды. 
• САЯСИ ПИНГ-ПОНГ.  Өткен аптада ғана сауда соғысын тоқтатуымыз мүмкін деп жаһанға жар салған  АҚШ пен Қытай енді бір-бірін жұлып жеуге дайын.   АҚШтың мемлекетік департаменті аспан асты елінің өзге ұлт өкілдерін қыспаққа алып жатыр деп айыптады. Айдаһарлы мемлекетте үнсіз қалмады.  Толығырақ бүгінгі хабарымызда. 
• ЗЕЙНЕТ ПЕ, БЕЙНЕТ ПЕ.  Әлемде зейнеткерлер саны күн санап артып келеді.  Жаһанда қартайып  жатқандар  көбейгенде, саясаткерлер  зейнет жүйесін өзгертеміз деп әлек болуда. Тыныштық таппаған саланы Әлия Текенова зерттеп көрді. Саланың проблемаларымен жетістіктерін жіпке тізеді. 
• ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ. Бішкекте астананың басты алаңында ереуілдер болып өтті. Қырғыз халқы жемқор шенеуніктердің көзін қалай құртпақ? Билікке жасаған ескертуі қандай?  Айтып береміз. 
• КЕЛІСТІК. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиті және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке алғашқы мемлекеттік іс сапары. Талқыға түскен тақырыптар қандай? Қазақ қырғыз расында да бір туған ба?  Әлия Текенова айтып береді. 
• САЙЛАУ КЕЗІНДЕГІ АЙЫП.  Британиядағы еврей қоғамының  төрағасы  елдегі оппозициялық партияны антисемитистік көзқарасты ұстануда деп айыптады.  Бұл мәселе парламенттік сайлауға қалай әсер етеді. Толығырақ алдағы уақытта.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу