Құрылтай сайлауы жақындаған сайын цифрлық кеңестікте дәйексіз мәліметтерді тарату әрекеттері жиілей бастады. Саяси аламан кезеңінде әдетте арандататын жаңалықтар желіде көп жолығады. Бұл әлемде бар жағдай. Біріншіден қоғамдық пікірді бұрмалауға талпыну – ішкі бәсекелестердің діттегені болуы ықтимал. Екіншіден елдің сеніміне ғана емес мемлекеттік институттардың сеніміне де селкеу түсіруге, сайлау процесінің беделіне нұқсан келтіруге сыртқы күштер мүдделі болуы мүмкін