Әзірбайжан темірді қызған кезінде басты

Таулы Қарабақ аймағы 2020 жылы өткен сұрапыл соғыстан кейін Әзірбайжанның бақылауына өткенімен, ол жақтағы жергілікті армяндардан құралған қарулы жікшіл топтар осы күнге дейін қарсылық білдіріп келді. Ресми Ереван аймақтың Әзірбайжанға өткенін мойындаған. Ал армян жікшілдері  мойындамаған, олар бұл аймақты Таудағы Қарабақ республикасы деп жариялаған. Әзірбайжан билігі мен Таулы Қарабақтағы жікшілдер арасында келіссөз жүргізіліп келген, бірақ ол тым баяу жүрді және қандай да бір келісім болмады. Бұған наразы болған Әзірбайжан билігі 19-қыркүйекте әскери шабуылға шықты. Оны терроризмге қарсы операция деп атады. Әзірбайжан әскерилері жікшілдердің Степанакерттегі, яғни әзірбайжандардың тілінде Ханкендідегі, сондай-ақ өзге елді мекендердегі ұяшықтарын нысанаға алып атқылады. Тұрғындар бомбадан сақтанатын жертөлелерде бас сауғалауға мәжбүр болды. Шалғай елді мекеннің тұрғындары орталыққа көшірілді. Ертеңіне Қарабақтағы армяндардың қарулы топтары қарсылығын тоқтатты және қаруларын төмен түсірді. Таулы Қарабақ аймағы Әзірбайжанның бақылауына толыққанды өтті. Армения үкіметі бұған ешқандай қарсылық әрекет жасаған жоқ. Өйткені Ресми Ереван Таулы Қарабақтың толықтай Әзірбайжанға тиесілі екеніне бұған дейін мойынұсынып қойған.    

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу