Батыс Бейжіңнен бейбітшілік іздейді, ал мұның Украинаға ұнамайтын түрі бар

Әдеттегідей, жер жүзіндегі әңгіменің бәрі Украинадағы соғысқа барып тоғысып жатыр. Екі жақтың текетіресінің тоқтайтын түрі жоқ. Ресей әскері Бахмут қаласын аламын деп жанталасқанына жылға жақындады. Әлі де шабуылдап бағуда. Ал Украина әзірге төтеп беріп тұр. Украина төтеп беріп қана тұрған жоқ, жуық арада үлкен шабуыл жасаудың қамына кіріскен. Мұны біліп отырған Ресей билігі Қырымның жерін окоп пен блиндажға толтырып тастады. Оған әскерді бекіндіріп, қорғанысын күшейтпек. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу