Ким Чен Ын Путинге қару беріп, өзі ғарышқа шығудан дәмелі ме?

Әлемдік геосаясатта күн сайын тосын оқиғалар болып жатады. Бүгінде барша адамзат баласының назары Украина мен Ресей жақта. Ондағы соғысқа байланысты қыбыр еткен қозғалыстың, айтылған әрбір сөздің бәрі сол мезетте шартарапты шарлап кетеді және қызу талқыға түседі. Әсіресе Ресейге жақындаған көшбасшыларға әлем бірден секем ала қарайды. Украинамен соғыста Ресейге сырттан көмек берілуі Батыс пен АҚШ-тың жіті қадағалауында. 
Міне, Ресейдің кезекті бір қадамы жер-жаһанды тағы бір рет алаңдатты. Бұл жолы Ресей басшысы өзінің тонның ішкі бауындай досы Солтүстік Кореяның басшысымен кездесті. Бұл кездесудің көптеген өзге көшбасшыларды алаңдататындай жағдайы бар. Өйткені Солтүстік Кореяда ескі болса да қару-жарақ пен снаряд, ұзақтан атқылайтын ракета көп. Солтүстік Корея Ресейге көмекке әскер бермесе де қару-жарақ беруі әбден мүмкін. Тегін бермейді, әрине. Қару-жарақты азық-түлікке, соның ішінде, әсіресе, күрішке айырбастауы, сондай-ақ орнына әскери технологиялар алуы ғажап емес. Ғажап емес деуіміздің себебі, екі жақты кездесудің қорытындысы әлі күнге анық емес. Келісімдердің қырлары жұмбақ болып тұр. Екі көшбасшы баспасөз мәслихатын өткізген жоқ. Бес сағат кездесуден кейін төс қағыстырып, Владимир Путин Мәскеуге, Ким Чен Ын өз еліне кетті. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу