Олигархтардан тәркіленген қымбат бұйымдар ауық-ауық аукционға шығарылып сатылып жүр. Соның кезекті аукцион сатылымы өткізіліп, 5,5 миллион теңгеге сауда болыпты. Атап айтқанда, E-Qazyna электрондық сауда алаңында CARTIER LOVE білезігі мен сақинасы, зүбаржат, аквамарин және гауһар тастарымен безендірілген зергерлік бұйымдар сатылды. Сауда-саттық 23 сәуірде өткен. 750 сынамалы CARTIER LOVE білезігі мен жүзігі 3 миллион теңгеге бағаланып, 2,6 миллион теңгеге өткен. Білезіктің салмағы 50 грамға жақындаса, бриллиант жүзіктің салмағы 10 грамнан асады. Бұл зергерлік бұйым білезігінің нарықтық бағасы 5 миллион теңгеден жоғары, ал жүзіктің құны 2,6 миллион теңгеге барады.