Орыстың «халық депутаттарының» көксегені не?

Ресей мен Украина арасындағы соғыс қызған сәтіне жетіп тұр. Соңғы күндері Украиндықтардың екпіні күшейді. Бір шайқаста Ресейдің бір батальоны түгелге жуық қаза болды деген ақпарат тарады. Бірақ мұны Ресей жағы мойындағысы жоқ. Ресей әскері Херсон облысынан алдымен мекемелерді, адамдарды көшірген болатын. Енді әскердің өзі де кетіп жатқан сыңайлы. Таратылған ақпараттарға қарағанда орыс солдаттары кетерінде Херсон жұрты мен жерін тонап жатқан болса керек. Бірақ Украинаның әскери билігі сақ. Ресей әскерінің үндемей кетіп жатқанына секем ала қарайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу