Өзбекстанның қадамы нығайып, бойы тіктеліп келеді

Биыл көршіміз Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлуы өтеді. Бұл турлы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ел Конституциясына енгізілген өзгерістер жөніндегі референдум қорытындысы бойынша үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Кезектен тыс сайлаудың өтетіні туралы жарлыққа қол қойды. Ал референдумның қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер енгізілді. Осылайша Өзбекстан президенті алдағы екі мерзімде 14 жыл елді басқарса өзі де қартайып қалады екен. Биыл 24-шілдеде 66 жасқа толады. Халқына жайлы болса өмір бойы президент болып отырса да ешкім қой демес. Ал келе-келе диктаторға айналып кетсе, үлкен өкініш сонда болады. 
Қабылданған шешімнің оңдылығы жайлы айта отырып, Өзбекстан президенті Конституцияға енгізілген түзетулер биліктің барлық тармағын реформалайтынын және олардың арасындағы қатынастар мен тепе-теңдік өзгеретінін айтты. Жаңа Конституция билік тармақтарының әрқайсысына жаңа міндеттер қоятын көрінеді. Ал Өзбекстанның Сайлау кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мерзімінен бұрын президент сайлауы жарияланғаннан кейін екі ай ішінде, яғни 2023 жылы 9 шілдеде өтуі керек. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу