Пентагон Ираннан шамамен 450 келі байытылған уранды алып шығу жоспарын әзірледі. Бұл тапсырма Дональд Трамптың бастамасымен қаралғаны айтылады. The Washington Post таратқан ақпаратқа сәйкес, операция аясында Иран аумағына арнайы әскери және инженерлік бөлімдер енгізіліп, жерасты ядролық нысандарға жету үшін бұрғылау жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Тіпті радиоактивті материалдарды шығару үшін уақытша әуе жолағын салу да жоспарда бар. Дереккөздердің айтуынша, АҚШ президенті өткен аптада, бұл күрделі жоспармен және оның жоғары тәуекелдерімен танысқан. Алайда, сарапшылар бұл операцияның сәтті болатынына күмәнмен қарайды.