Вольфрам іздеп бізге келген АҚШ-қа Қытай жағаласып тұр

Қазақстанның жері өте құнды химиялық элемент вольфрамға бай екен. Бұл құрамы тығыз, салмағы ауыр, берік және баяу еритін ақшыл-сұр түсті металл. Өңделген вольфрам оқ-дәрі мен әскери техникаға керек бөлшектерді жасауға ең керек нәрсе. Бұдан бөлек, құрышпен бірге қоспасынан темір кесетін өткір құрал жасайды. Ал лампаның ішіндегі жанатын жіңішке спираль шығарады, авиациялық және ғарыштық техникаға қажетті бөлшектер, аккумулятордың, ваккумдық пештің бөлшектерін істеуге пайдаланады екен. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу