Жаңа жәрдемақы оңды-солды берілмейді!

Қазақстанда келесі жылдан бастап тек көп балалылар үшін жәрдемақының жаңа түрі пайда болады. Есесіне, оларға атаулы әлеуметтік көмек енді берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Министр көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамай төлеуді ұсынды. Демек, әр балаға 10600 тг шамасында беріледі. Сіз 80 мың айлықта отырған маман болсаңыз да, 800 мың теңге алып отырған шенді болсаңыз да бірдей жәрдемақы аласыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу