Жұмыс іздеп барғандарды соғысқа тартып жатыр

Ресей Госдумасы азаматтарды әскерге шақырудың жаңа тәртібі – электрондық шақыру туралы 60 беттік заң жобасын мақұлдады. Азаматтардың аттарына шақыру қағазы интернетке мемлекеттік қызметтер порталына енгізіледі екен. Электрондық күйде порталға енгізілген шақыру қағазын азамат көрсе де, көрмесе де бір апта ішінде оқыған болып есептеледі. Ал 20 күн өткенше әскери комиссариатқа келмесе елден шығарылмайды, жеке кәсіпкерлік аша алмайды, жылжымайтын мүлік тіркей алмайды, көлік жүргізуіне, көлікті тіркеуіне, банктен несие алуына тыйым салынады.  Оған қоса шақыру қағазы тек мерзімді әскери қызметті өтеу жасына келгендерге ғана емес, бұрын қызмет еткен әскери міндеттілерге де баруы мүмкін. Бұл жаңа тәртіптің қалай жүзеге асарын алдағы уақыт көрсетер. Ал біз Ресейде мигранттарды қалай соғысқа қатыстырып жатқаны жайлы әңгімеге тоқталсақ дейміз. Орталық Азия елдерінен барған мигранттарды бір жылдан бері соғысқа қатыстырып жатқан болса, осы күні бұл жағдай белең алды деуге болады. Тіпті базарларда, көше бойларында, автобустарда және тұрғын үйлердің қабырғаларында келісім-шартпен соғысқа баратындардың кесімді жалақысы және берілетін Ресей азаматтығы жайлы хабарландырулар тәжік, өзбек, қырғыз тілдерінде жазылатын болыпты. Ал азаматтықты бұрын алған мигранттарды мешітке барған жерінен, жатақханасынан немесе жұмыс орнынан іздеп туып, соғысқа баруға үгіттеп жатқан көрінеді.

Авторы: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нуриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу