Жер жәннаты – Жетісу

Жер жәннаты – Жетісу. Аспанмен таласқан заңғар таулар мен ақ бас шыңдар, сол биіктен сарқырай ағып, тастан тасқа секіре жорғалаған өзендер, қыз жанарындай мөлдіреген, тұп-тұнық көлдер, көкке ұмтылған, найзадай қадалған қарағайлы орман мен жап-жасыл желек... Жердің жәннаты. Алматы облысы. Осы өңірге келген әрбір жан табиғаттың шеберлігі мен жомарттығын еріксіз мойындайды. Тау мен тасты көл мен шөлді бір аймаққа сыйғызған құдіретке куә болады. Еш жерде қайталанбайтын бірегей ландшафтың ерекше үйлесіммен үндескенін сезінеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу