2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Шай бағасы

Қазақстандықтардың сүйікті сусыны шайдың бағасы бір жылда 30,4 пайызға қымбаттады. Статистика комитетінің мәліметтеріне сенсек, ақпанның 20 мен наурыздың 18 аралығында бұл өнімнің құны 2 пайызға Атырауда, 1,5 пайызға Өскеменде өсіп, Алматыда 1,3 пайызға арзандаған. Осыны ескергенде, қара шайдың ел нарығындағы орташа құны 2837 теңгеге теңесіп отыр. Ал республикамыздың әр қаласында бағалар әлбетте әр түрлі. Дегенмен, сала мамандары баға алдағы уақытта тұрақты болады деп отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу