Елорда – иесіз-киесіз, қожайыны жоқ мекен сияқты! Қашықтықтан көз салсаң әдемі, жақын үңіліп қарасаң әбден «тозғанский»! Бұл Нұр-Сұлтан жайындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі. Бас шаһардың дамуы туралы жиналыста әкім -Алтай Көлгінов пен мен өзге шенеуніктер қордаланған мәселердің себебін айтып ақталмақ болды. Алайда, әр саланы уысында ұстап отырған шенділердің ешқайсысы сын мен сөгістен құтылмады. Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаевқа не жақпай қалды? Жиында болған әріптесім Жалғас Зейнолла жеткізеді.