Екінші тоқсанда жеке тұлғалардың депозиттері 1,9 трлн теңге көбейген. Мұны сарапшылар рекорд деп атап жүр. Осылайша қазір жалпы жинақ көлемі 30 трлн теңгеден асты. Үш айдың ішінде рекорд жасауға қандай жағдайлар әсер етті? Депозиттегі ақша көлемінің көбеюі экономикаға, халықтың әлеуметтік тұрмысына жанама немесе тікелей пайдасы бар ма? Базалық ставка бұл жолы тағы төмендеді. Егер осылай төмендей беретін болса, депозит салымшыларының саны азаюы мүмкін бе? Әлде банктер сыйақы мөлшерлемесін күрт төмендетпей, мейлінше депозиттегі ақшаны сақтап қалуға мүдделі бола ма? Сарапшылар осы сұрақтарға жауап іздеді