КӨМІР ТҰТЫНУ АЗАЯДЫ

Қазақстан көмір тұтынуды біртіндеп азайта бастайды. Мұндай мәліметті америкалық IHS Markit компаниясы жариялады. Баяндама Қазэнерджи қауымдастығының тапсырысымен әзірленген. Қазір 91 миллион тонна көмір тұтынып отырмыз. 10 жылдан кейін қатты отынды жағу 1 миллион тоннаға, тағы 10 жылдан соң 8 тоннаға дейін қысқармақ. Тау-кен өндірушілер мен тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы да көмір тұтыну азая бастайтынын растап отыр. Газ қосылса алдағы 3 жылда Қарағанды мен Нұр-Сұлтан тұрғындары да көмір жағуды 1,5 миллион тоннаға азайтады. Ал солтүстік пен орталыққа газ жеткізген соң электр стансалары көмір пайдалануды 3,6 млн тоннаға, ал тұрғындар 2,9 млн тоннаға азайтады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу