Қазақстандағы құрылыс компанияларына тағы бір талап енгізілді. Енді 10 қабаттан жоғары, салынып біткен үйлерді Төтенше жағдайлар министрлігі мұқият тексереді. Мемлекеттік орган үйдің өрт қауіпсіздігіне толық сай келетініне әбден көз жеткізген соң ғана қорытындысын береді. Тұрғындар баспаналарына тек содан кейін кіре алады. Сарапшылар құрылыс компанияларына қойылған бұл талаптың соңы сиырқұйымшақтанып, бюрократияға ұласып кетпей ме,- деп алаңдаулы.