Ауа сапасы лас қалаларда көлік қозғалысына Қытайдағыдай шектеу қоя ұсынылды. Яғни темір тұлпарлардың қала көшелеріне шығуын «жұп және тақ» қағидаты бойынша реттеп көрмек. Мұндай ұсыныс Экология және табиғи ресурстар министрлігінде өткен кеңесте талқыланды. Егер бұл бастама жүзеге асса мемлекеттік нөмірі жұп санмен аяқталатын көліктер тек аптаның жұп күндері, ал тақ санмен аяқталатын көліктер тақ күндері ғана жолға шыға алады.